бейсенбі, 5 маусым, 2025 10:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әлемде бала туу көрсеткіші төмендеп жатыр

Әлемде бала туу көрсеткіші төмендеп жатыр
Фото: artcom.kz
2025 жылдың алғашқы деректері әлемде бала туу көрсеткіші айтарлықтай төмендегенін көрсетті

Жыл басындағы алғашқы статистикалық мәліметтерге сәйкес, бала туу саны Шығыс Еуропа, Балқан түбегі, Латын Америкасы, Кавказ және Азия елдерінде айтарлықтай азайған. Кейбір мемлекеттерде бұл көрсеткіш соңғы онжылдықтағы ең ірі құлдырауға жетті.

Туу көрсеткішінің төмендеуі тіркелген елдердің қатарында:

Қазақстан – 14,4 пайызға азайған
Түркия – 14,3%
Армения – 17,2%
Қырғызстан – 13,5%
Румыния – 10,4%
Молдова – 10,9%
Қытай – 8,7%
Бразилия – 9,1%
Болгария – 5,9%.

Оңтүстік Кореядағы ахуал ерекше. Бұл елде жалпы туу коэффициенті (TFR) бар болғаны 0,73-ке дейін төмендеген. Бұл – тарихтағы ең төменгі деңгей. Яғни, әр әйел өмір бойы орта есеппен бір баладан да аз туатын жағдайға жеткен.

Демографиялық тұрғыда салыстырмалы түрде тұрақты саналатын Германия, Франция және Италия елдері де стагнация кезеңіне өткен. Ресейде туу көрсеткіші 4 пайызға төмендеген. Қазір бұл елде жалпы туу коэффициенті 1,40 деңгейінде тұр. Бұл – халықтың өздігінен ұдайы көбеюіне қажетті межеден (2,1) әлдеқайда төмен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар