
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Olimpic.kz мәліметінше, Матвеева биіктікке секіру сайысында екінші нәтиже көрсетті. Оның ең үздік көрсеткіші – 186 сантиметр.
Бұл жарыста алтын медаль Үндістан атлеті Пуйи Пуйиге бұйырды – 189 сантиметр. Сонымен қатар өзбекстандық Сафина Садуллаева да 186 сантиметрмен екінші орынды Матвеевамен бөлісті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес жүлде бар. Бірінші орындарды Нора Джеруто (3 000 метр кедергілер арқылы жүгіру) мен Дейзи Джепкемей (10 000 метр) жеңіп алды. Ал Ясмина Тоқсанбаева (20 шақырымдық спорттық жүріс) және Дейзи Джепкемей (3 000 метр кедергілер арқылы жүгіру) қола жүлдегер атанды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.