жұма, 20 қыркүйек, 2024 16:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қателігімсің": Балжан Бидаштың жаңа әні жарыққа шығады

"Қателігімсің": Балжан Бидаштың жаңа әні жарыққа шығады
фото әлеуметтік желіден алынды
Ол туралы әнші Instagram парақшасында жариялаған

Елге танымал әнші Балжан Бидаш "Қателігімсің" атты жаңа әнінің бейнебаянынан үзінді ұсынды. Ол туралы әнші  Instagram парақшасында жариялаған. Әнші ерекше туындысын 4 сәуір күні жарыққа шығармақ.

Өнерден алыстап кеткен Балжан Бидаш жақында жаңа әнін жарыққа шығаратынын хабарлап, тыңдармандарын қуантып тастады. Instagram парақшасында: "Достар, міне көптен күткен жаңа бейнебаян, жаңа әннің тизері. 4 сәуір менің Youtube каналыма шығады", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары арасында Балжан Бидаштың жаңа туындысы бірден қызу талқыға түсті.  Көпшілік некесі сәтсіз аяқталған арудың таланты мен қайсарлығына тәнті болды.

"Мықты қыз, ажырасқанын ешкімге жариялаған жоқ. Кейбіреулер сияқты хайп та жасаған жоқ. Керісінше, олардан жоғары екенін көрсетті. Жақсы жауап болды", "Балжан стиль, идея, дауысың бәрі ерекше! Жарасың әлі бүкіл әлемге танымал болып", "Некесі сәтсіз аяқталған қыздарға сенің батылдығыңды берсе ғой", "Керемет, осы Балжанды сағындық", - деп жазып жатыр. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар