Amanat партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды.
Парламент Мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партия атынан Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтың кандидатурасын ұсынды.
Заңға сәйкес Президент ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен бірлесе талқылап, кеңеседі. Шешім бүгін нақтыланадуы мүмкін.
Олжас Бектенов Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарады. Ол одан бұрын Антикор басшысы болып еңбек еткен. Қызметтік тәжірибесінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымы да бар.
Oimaqnews
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала