бейсенбі, 21 қараша, 2024 21:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бір жылда 57 мың рет жер сілкінді

Бір жылда 57 мың рет жер сілкінді
6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні.

Бүгін эпицентрі Түркияның Қаһраманмараш  қаласының тұсына сәйкес келген жойқын зілзаланың болғанына  бір жыл толды. 7,7 және 7,6 балдық  зілзала салдарынан 53 мың 537 адам қаза тауып, 107 мың 2013 адам жараланған болатын.

Көптеген  ғимараттар қираған  жер сілкінісі Түркияның 14 миллион тұрғынының өміріне тікелей әсер еткен еді. Зілзала аймағында орналасқан 11 қалада түрлі деңгейдегі жер сілнкінісі  бір жыл ішінде 57 мың рет  тіркелген.  Ал  құтқару жұмыстарына 650 мың адам қатысып, 38 мың 901 ғимаратта іздестіру, 26 мың ғимаратта құтқару жұмыстары  ұйымдастырылған еді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 11 мың 488  шетелдік, 35 мың 250 түркиялық құтқарушы мен 142 мың  қауіпсіздік қызметкері қатысқан. Қазақстан Түркияға  құтқарушылар  тобын аттандырып, бірнеше мәрте  гуманитарлық көмек  жөнелтті. Қазақстандықтар түркиялықтарға 100 ден астам  киіз үй  жіберген еді. Ал 2023 жылдың қарашасында Астанада өткен Түркі мемлекеттері  ұйымы саммитінде «6 ақпан- Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні» болып бекітілді.

Oimaqnews

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар