ГҮЛМИРА ҚАНАЙ: «Өз тәжірибесін зерттеу арқылы түбінде әлемді өзгертетін – ұстаз»
- авторОймақ
- Бүгін, 09:23
- 33

Іс-шара Lesson Study тәсілін білім беру тәжірибесіне енгізудің өзекті мәселелерінталқылап, педагогтер мен болашақ мұғалімдерүшін тәжірибе алмасуға бағытталды.
Ауқымды конференцияға 300-ден астамқатысушы – жетекші ғалымдар, тәжірибеліұстаздар, мектеп басшылары және педагогикалықбағыттағы студенттер жиналды.
Lesson Study – мұғалімдердің кәсіби шеберлігінжетілдіруге бағытталған тәсіл. Ол оқыту процесініңсапасын арттырып қана қоймай, мұғалімдердіңпәндік білімі мен педагогикалық шеберлігінтереңдетуге мүмкіндік береді.
Конференцияның негізгі мақсаты – LessonStudy тәжірибесімен бөлісу, қол жеткізілгеннәтижелерді саралау және осы тәсілді білім беру ұйымдарында қолданудың болашағын бағамдау.
Іс-шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлегенАлматы қаласы Білім басқармасына қарасты Білімберудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелікорталығының директоры Дәурен Сағынғалиев пенАлматы қаласы Жетісу ауданының әкімі ЛяззатЖылқыбаева білім саласындағы жаңашылбастамалардың маңыздылығын атап өтті. Соныменқатар Алматы қаласы Наурызбай ауданы «С. Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» КММ директорыГүлжазира Раева және педагог-тренер, USTART негізін қалаушы Ескендір Бестай баяндама жасады.
Кездесу аясында пленарлық отырыстар, пікірталас панельдері және постерлік сессияларұйымдастырылды. Бұл алаңда студенттер мен тәжірибелі педагогтер өздерінің Lesson Study жобаларын таныстырып, нақты нәтижелеріменбөлісті.
Конференцияның ресми ашылуында Қазақұлттық қыздар педагогикалық университетініңБасқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай «Өзтәжірибесін зерттеу арқылы түбінде әлемдіөзгертетін – ұстаз» тақырыбында баяндама жасады:«Университетімізде үшінші жыл қатарынанстуденттер дәстүрлі диплом жұмысыныңорнына Lesson Study жобаларын ұсынуда. Бұл – олардың зерттеушілік және практикалыққабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгіконференция аясында студенттер мен Алматы облысының педагогтері өз зерттеусабақтарының нәтижелерін ортаға салып отыр. Бұл – кәсіби дамудың маңызды қадамы», – дедіректор.
Конференция аясындағы стратегиялықсессия барысында жекеменшік мектептер мен білім беру орталықтарының басшылары да сөзалып, Lesson Study тәсілін өз тәжірибелеріндеқалай қолданып жатқанын айтты. «Жаңа ұрпақмектебі NGS» HR-директоры Ким Ирина Евгеньевна университетпен тығыз әріптестіктіңнақты нәтижелер беріп жатқанын атап өтті:«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалықуниверситетінен келген студенттер – өз ісініңнағыз мамандары. Біз осы серіктестікті әріқарай дамытып, болашақ ұстаздарға тәжірибеалаңы болуға дайынбыз».
Конференцияға қатысушылар іс-шараныңжоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жәнеұсынылған материалдардың кәсіби қызметтеріндепайдалы болатынын ерекше атап өтті. Lesson Study әдісі білім беруді жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу мен практиканы біріктіретін маңыздықұрал ретінде танылып отыр. Бұл бастама – зерттеуші педагогтер қауымдастығын дамытужолындағы тағы бір маңызды қадам.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.