Аягөзде өзендегі су деңгейі көтеріліп, 172 адам эвакуацияланды
- авторОймақ
- 29 наурыз, 2024
- 588

Абай облысына қарасты Аягөз ауданында өзендегі су деңгейі көтеріліп, 172 адам мектеп-интернат жатақханасына эвакуацияланды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Аягөз өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті. Сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды.
– Тұрғындарды уақытша орынға жеткізу үшін 3 автобус бөлінді. Алайда азаматтардың көпшілігі туған-туыстарының үйлеріне кетті. Қалғандары мектеп-интернат жатақханасына және жасөсіпірімдер спорт мектебіне орналастырылды, – делінген ақпаратта.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Алаяқтың кесірінен 70-тен аса азамат Вьетнамдағы демалысынан қағылды
- авторОймақ
- 13 мамыр, 2025
LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
- авторОймақ
- 13 мамыр, 2025