сейсенбі, 3 желтоқсан, 2024 22:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Германия Украинаға әскери көмектің кезекті пакетін ұсынды

Германия  Украинаға әскери көмектің  кезекті  пакетін ұсынды
Photo: Bundeswehr/Tom Twardy
Германия билігі Украинаға тағы да әскери көмек беруге шешім қабылады. Бірақ бұл көмектің ішінде Taurus қанатты зымырандары жоқ. Дегенмен көмек қомақты.

Германия ақпарат құралдарының  жазуына қарағанда Берлин Украинаға 155 мм-лік 18 мың дана снаряд, Leopard 2 A6 танктерінің снарядтары мен оқ-дәрісін, 14 дана Vector барлау дроны мен оның қосалқы  бөлшектерін, 3 дана RQ-35 Heidrun барлау дронын, 5 дана дронға қарсы бөгет қою жабдығын, 180 дана  RF 360 ұшұышсыз ұшу аппаратын анықтау жүйесінің далалық жиынтығын,  6 дана WISENT 1 минадан тазарту машинасын, 2 дана BEAVER көмір салғышы мен оның қосалқы бөлшектерін,  1 дана Bergepanzer 2 брондалған жөндеу-эвакуациялау машинасын және оның қосалқы бөлшектерін, 1 дана DACHS брондалған жөндеу-эвакуациялау машинасын беретін болды. Сонымен  қатар алмандар Украинаға 9 дана мина  тралын, 1 дана SATCOM бақылау  жүйесін, 330 инфрақызыл камера, 3 дана шекара күзету автомобилін, 6 дана Mercedes-Benz Zetros жанармай құю машинасын, 2 мың  дана RGW 90 Matador  граната атқышын, 24 мың  дана 40 мм-лік  снаряд, 70 дана GMG граната атқышын, 3 мың  жасыру торын,  2 мың жаңбырдан қорғау жабдығын, 2 апаттық  электрогенератор жөнелтеді. Аталған  көмек пакетіне 20 дана Marder жаяу әскердің бронды көлігі, командирлік машина ретінде 1 дана шынжыр табанды  Warthog көлігі мен Patriot  зениттік кешендерінің зымырандары, 70 инфрақызыл камера да кіреді. Шамасы бұл камералар  апкетте жеке көрсетілген 330 инфрақызыл камерадан бөлек сияқты. Жеке аталыпты.

Фото: DW

Дегенмен бұл көмектің ішінде қанатты зымырандар жоқ.  Бундесвер   генерал-майоры Кристиан Фройдинг DW-ге берген сұхбатында  жақын күндері Украинаға 10 мың снаряд жөнелтілетініен айтқан еді. Бірақ бұл снарядтар Берлин жариялаған  көмек пакетіне кіре ме, жоқ па  белгісіз.  Одан бөлек генерал өз елінің Чехия  бастамасын қолдап,  Украинаға қажет 180 мың  снарядты сатып алуға бекінгенін айтқан еді. Бұл снарядтар жыл ортасынан абстап Украинаға  жөнелтіледі. Сонымен қатар жылдың төртінші тоқсанына қарай Германия Украинаға қосымша 100 мың дана снаряд беруді көздеп отыр екен.

Фото: Narciso Contreras/AA/picture alliance

Фото: Narciso Contreras/AA/picture alliance

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар