Президент Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады.
– Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Президент әртүрлі діни-наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі рет сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
"Бұл – орны толмас қасірет": Түркістан облысы әкімі өрт болған ауылға барды
- авторОймақ
- 18 қараша, 2025






