
Ватикандағы Сикстин капелласында жиналған кардиналдар конклав барысында Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысын сайлады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Жаңа Рим папасы болып америкалық Роберт Франческо сайланды. Ол Лев ХІV атын алды.
Жаңа Папа сайланғаннан кейін шамамен бір сағат ішінде Әулие Петр алаңына қарайтын балконға шықты.
Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысы таңдалғаны туралы жаңалықты Әулие Петр алаңында жиналған мыңдаған адам қуанышпен қарсы алды.
Понтифик өз сөзінде адамдарды «біртұтас халық болуға» үндеп, Папа Францисктің өмірінің соңғы күндеріндегі әлсіз үні адамзаттың жүрегеніе жеткенін атап өтті.
Роберт Фрэнсис Прево — американо-перуандық куриалдық кардинал, августин орденінің өкілі. Ол 2001 жылғы 14 қыркүйектен 2013 жылғы 4 қыркүйекке дейін Августин орденінің Бас шебері қызметін атқарған.
Оның ресми таққа отыру рәсімі сайлаудан бірнеше күннен кейін өтеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Мемлекет басшысы Рим Папасын құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
"Балаларымның жеңісіне қуанам, толқимын": Сабырхандар отбасында үлкен қуаныш
- авторОймақ
- 17 қыркүйек, 2025
Қарттығына байланысты жұмыстан шығарылған мұғалімдерге 10 млн теңге өтемақы төленді
- авторОймақ
- 16 қыркүйек, 2025