
Мәулен Әшімбаев атап өткендей, Палатаның қарауына жаңа Салық кодексі келіп түсті. Осыған байланысты Сенат Төрағасы құжатты ашық талқылау және оны қарауға мәслихат депутаттарын, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін белсенді жұмылдыру маңызды екенін айтты.
«Жаңа Салық кодексі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленді. Құжат әділеттілік, ашықтық және тиімділік қағидаттарына негізделген жаңа салық мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Сенаторлар кодексті дайындау жұмыстарын алдын ала жүргізіп, Үкіметке тиісті ұсыныстар жіберді. Енді жаңа Салық кодексінің нормаларын жан-жақты қарастырып, мәслихат депутаттарын, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін тарта отырып, ашық форматта сындарлы талқылаулар жүргізу қажет», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Бюро мүшелері алдағы бейсенбіде өтетін Палата отырысында «2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің АӨСШК Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың ҚР аумағында болуы шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарау жөнінде қаулы қабылдады. Бұл құжат Мемлекет басшысының АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатымен әзірленді.
Депутаттар Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Алматы қаласында АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды да қарайды.
Бұдан басқа, «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясының жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар да Палата отырысының күн тәртібіне шығарылды.
Сондай-ақ іс-шара барысында сенаторлар осы аптада өткізілетін Комитет отырыстарында қозғалатын мәселелерді пысықтады және бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдарды бөлді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.