жұма, 2 мамыр, 2025 22:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жеңістің 80 жылдығы: 80 әскери қызметкер "80" санын тарту етті

Жеңістің 80 жылдығы: 80 әскери қызметкер "80" санын тарту етті
Ұлттық ұлан
Бұл мерейлі күнге ұлттық ұландықтардың ерекше тартуы.

Мерейлі күнге орай ұландықтар Астанада өнер мен әскери рәсімдерді біріктіретін ауқымды акция өткізді. 80 әскери қызметкер Ұлы Жеңіске қол жеткізген атаулы күннің құрметіне «80» санын тарту етті, деп хабарлады Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасының жауынгерлері саптық өнерді жетік меңгергендігін көрсете отырып, ерекше шеберлік көрсетті: олар алдымен алаңда батылдық пен ерліктің символы — жұлдызды суреттеп, әскери марш ырғағымен жұлдыз пішінін «80» санына өзгертті.

Бірегей қойылым Үлгілік-көрсетімді оркестрдің сүйемелдеуімен және Ерлер хорының «Жеңіс күні» әнін жанды дауыста орындауымен жүзеге асты. Құқықтық тәртіп әскерінің шығармашылық ұжымының өнері сымбатты да біркелкі сарбаздардың Жеңіс мерейтойына арнаған тартуына ерекше сән-салтанат берді. Мерекелік композиция астаналық бригаданың саптық алаңын асқақ рух пен отансүйгіштікке толы атмосфераға бөледі.

«Біз батыр бабаларымыз бен ардагер аталарымызға бейбіт күн үшін құрмет көрсетеміз. Олардың ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері үшін елге қызмет ету — жәй ғана міндет емес, Отан қорғаушылардың ұлы дәстүрін жалғастыру», - дейді шараға қатысушылар.

Акция Ұлы Жеңіс пен ұрпақтар бірлігін, құндылықтар сабақтастығы мен әскери антқа адалдықты дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы батырлар туралы естеліктерді сақтап, олардың ерлік пен жанқиярлық үлгілері арқылы жастарды тәрбиелеуді жалғастыра бермек.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар