Қазақстанда құрастырылған көліктердің көбі, дәлірек айтқанда 20899 данасы жеңіл автомобиль болса, 464-і автобус, 1108-і жүк көлігі екен. Қалғаны арнайы техника болса керек. Бір атап өтер жайт, жеңіл автокөлік құрастыру 19,2%-ке, автобус құрастыру бірден 76,5%-ке өсіпті. Бірақ жүк көліктерін құрастыру 29,1 %-ке азайған.
Аймақтар бойынша ең көп көлік құрастырған өңірлер тізімін Қостанай бастап тұр. Онда 12738 көлік құрастырылса, Алматыда 7656 көлік, Семейде 907, Қарағандыда 242, Көкшетауда 167, Оралда 23 көілк құрастырылған.
Брендтерді саралайтын болсқа, 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Hyundai-дың 7612, Kia-ның 4 077, Chevrolet-тің 3 524, Jac-тың 2 755, Jetour-дың 2293 данасы құрастырылған. Ал ең көп құрастырылған моделдерге тоқталсақ, екі ай ішінде Қазақстандағы кәсіпорындар 4 495 дана Hyundai Tucson, 2857 дана Chevrolet Cobalt, 1966 дана Jetour X70, 1681 дана Kia Sportage, 1244 дана Jac J7 көлігін шығарыпты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.