жұма, 25 сәуір, 2025 22:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Әйелі де «алаяқтық»  бойынша істі болған": Мұрат Әбділданың адвокаты мәлімдеме жасады

"Әйелі де  «алаяқтық»  бойынша істі болған": Мұрат Әбділданың адвокаты мәлімдеме жасады
Коллаж: Turkystan.kz
"Анасына обал болды".

2 жыл 11 күнге қайта бас бостандығынан айырылған Мұрат Әбділданың авдокаты Молдахан Әділетхан тосын мәлімдеме жасады.

Желіде көпшілік блогердің әйеліне жаны ашып жатқанын жарыса жазып жатыр. Алайда адвокат әйелі Мұрат Әбділдәнің үстінен бірнеше рет арыз жазғанын және бұрын сотты болғанын мәлім етті.

«Әйеліне жандарың ашымай-ақ қойсын. Ол да «алаяқтық»  бойынша істі болған. Отырып та шыққан. Бізбен Әсел деп танысты, бірақ аты басқа болып шықты. Ол да профилактикалық тексеруде жүр. Мұрат «ұрды, соқты» деп бірнеше рет арыз жазған. Екеуі де білгенін істеп жүрді. Мұрат та тыныш жүрген жоқ. Оның үйіне дейін барып, тыныш жүр деп айтқанбыз. Тіпті, қатыны бізді алдамақ болды. Сол түбіне жетті. Еңіреп өтірік жыламай-ақ қойсын. Өзі 102-ге хабарласып, арыз жазған. Анасына обал болды. Өте жақсы кісі. Соңғы уақытта анасымен де хабарласпаған. Екі апта бұрын барғанбыз. Әйелімнің туған күні деп шақырды. Сөйтсек, ешқандай туған күні емес, аты да басқа адам болып шықты», – деді Молдахан Әділетхан.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар