жұма, 25 сәуір, 2025 19:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қылмыс серкесі Серік "Голова" өмірден өтті

Қылмыс серкесі Серік "Голова"  өмірден өтті
Фото: «Письма президенту» телеграм-арнасынан скриншот
Ол тоғыз рет сотталып, қауіпті рецидивист атанған.

Қазақстанда қылмыстық топ құрғаны үшін сотталған қылмыс серкесі Серік Жаманаев өмірден өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz   Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Ол ұзаққа созылған сырқаттан кейін ауруханада көз жұмды.  Жаманаев онкологиялық дертке шалдыққан болатын.

Серік Жаманаев 1965 жылы 21 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный ауылында (қазіргі Карғалы) дүниеге келген. Алғашқы жазасын 1982 жылы ұрлық жасағаны үшін алған. Үш жыл түрмеде отырып, бостандыққа шыққан соң, қарулы шабуыл жасап, ауыр дене жарақаттарын салған. Осы қылмысы үшін 1986 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол кезде ол кез келген жағдайдан шығу жолын тез табатын қабілетінің арқасында «Голова» деген лақап атқа ие болған. 

2022 жылы «Серік Голова» журналист Оралғайша Омаршанованы 2007 жылы өлтіргенін абақтыда айтты.

Тергеу изоляторында отырғанда оған соңғы деңгейдегі бауыр қатерлі ісігі диагнозы қойылғаннан кейін ол дінге бет бұрған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар