Балабақшада өткен дәстүрлі «Қыз қуу» өнері Қазнетті елең еткізді. Қысқа бейнежазба жүздеген мың қаралым жинаған, ал балаларға мыңдаған пікірлер жазылған. Наурыз мерекесі "Қыз қуу" дәстүрінсіз өтпейтіні белгілі. Мереке күндері өтсе де, наурызды тойлау әлі жалғасып жатыр. Әсіресе балалардың мына бір қызыққа толы сюжетіне көңіл аудармау мүмкін емес.
Дәстүрлі рәсім ерекше көңіл күйде өткен: үрлемелі аттар, дәстүрлі киімдер мен көрермендердің қолдауына ие болған. Бейнежазбада бүлдіршіннің топтасын қалай оңай "қуып" жеткені, бетінен қалай сүйгені көрсетілген.
Әлеуметтік желі қолданушылары жарыса пікір жазып жатыр:
"Қыз баланың аты өзінен үлкен, сондықтан алысқа ұзай алмады", "Жігіт сүйіктісін қуып жетті, жарайсың!", "Шын мәнінде, керемет бейнежазба. Тәрбиешілерге респект, балалардың дені сау болсын!" ,"оның аты тым үлкен!", "бүлдіршін тіпті атын тастай жүгірді", "Жарайсыңдар!" делінген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.