Жолдар мен көпірлер жабылған: Көкшетауда шеткі аудандарды су басты
- авторОймақ
- 28 наурыз, 2024
- 417
Көкшетауда тасқын судың салдарынан вокзал маңы, элеватор, Сарырқа сияқты бірнеше шеткі аудандарды тұтастай су басты. Қарғын су тіпті ондаған үйдің ішіне дейін кіріп кеткен. Жергілікті атқарушы органдар шаһарда Қылшақты өзенінің бойындағы бірнеше көпірлер мен жолдарды уақытша жабуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорындар мен төтенше жағдай қызметінің сарбаздары су тасқынымен күресті жалғастырып, көлге айналған көшелерден су сору жұмыстарын жүргізуде. Бірақ техника мен жұмыс күшінің жеткіліксіздігі байқалып тұр.
Қала әкімдігі су тасқынына байланысты тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
«Су тасқыны қаупіне байланысты Абай көшесінде автомобиль көпірінің бір бөлігін жабу туралы шара қабылданды. Қала тұрғындарынан қозғалыс маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – деді Көкшетау қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.
Әзірге қалада бірнеше көшелер жабылып, су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.