сенбі, 26 сәуір, 2025 3:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сенатор Руслан Рүстемов Арал өңірінің күріш шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қолдауды күшейтуге шақырды

Сенатор Руслан Рүстемов Арал өңірінің күріш шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қолдауды күшейтуге шақырды
Фото: senate.parlam.kz
Сенатор Руслан Рүстемов өзінің депутаттық сауалында Арал өңіріндегі күріш шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін көтерді.

Ол Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын мемлекеттік қолдау қажеттігіне назар аударды.

Сенатор Президент ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында ауыл шаруашылығы ғылымын, атап айтқанда тұқым шаруашылығын дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өткенін еске салды. Алайда, қаржыландырудың тұрақты болмауына және техникалық базаның ескіруіне байланысты күріш шаруашылығы институтының әлеуеті толық пайдаланылмай келеді. Сондай-ақ қаржы бөлінетін ғылыми-техникалық тапсырмаға орай жарияланған конкурстар шартына Арал өңірінің су тапшылығы жағдайына бейімделген күріш және басқа да дақылдардың жаңа сорттарын өсіру, сондай-ақ су және ресурс үнемдеуші технологиялар енгізу жөніндегі зерттеулер кірмейтін болып шықты.

«Күріш институты Арал өңірінің суармалы егіншілігін, суды тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру және тұздануымен күресу, аймақтың негізгі дақылы күріш және әртараптандыру дақылдарының селекциясы, бастапқы тұқым шаруашылығы және агротехнологиясын әзірлеу, климат өзгерісін бағалау және болжау, экологиялық және шөлейттену бағытындағы өзгерістерді зерттеу және ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізу, үйрету мәселелерін ғылыми тұрғыдан негіздеп тарататын бірден-бір ғылыми орталық болып табылады», - деді Руслан Рүстемов.

Депутат ғылыми ұжымдарды жүйелі қолдау қажеттігін атап өтіп, негізгі қаржыландыруға жетекші ғалымдарды ғана емес, кіші қызметкерлерді, лаборанттар мен техникалық қызметкерлерді де қосуды ұсынды. Ол Ыбырай Жақаев атындағы Күріш шаруашылығы институтының жобаларын мақсатты бағдарламалық қаржыландыру жағдайында Қазақстан мен шетелдің жетекші ғылыми орталықтары ынтымақтастыққа қосылуға дайын екенін атап өтті.

Сенатор осыған байланысты Үкімет басшысына Арал өңірінің жағдайына бейімделген күріштің жаңа сорттарын және балама дақылдарды әзірлеу жөніндегі ғылыми-техникалық тапсырманы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурстық құжаттамаға енгізуге ықпал ету туралы ұсыныс айтты.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар