бейсенбі, 24 сәуір, 2025 9:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ыстамбұлда жер сілкінісі болды

Ыстамбұлда жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto
Магнитудасы 6,2 бал.

Түркияның Ыстамбұл қаласында магнитудасы 6,2 балдық күшті жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына  сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 12.49-да тіркелген.

– Жер сілкінісінің эпицентрі Силиври ауданы маңындағы Мәрмәр теңізінде орналасқан. Жерасты ошағы 6,92 шақырым тереңдікте болған. Сілкініс жақын маңдағы аймақтарда да сезілген, – делінген ақпаратта.

AFAD Ыстамбұлда сағат 12.51-де 4,4 балдық, сағат 13.02-де 4,9 балдық дүмпулер тіркелгенін мәлімдеді.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, Төтенше жағдайлар басқармасының және басқа да тиісті мекемелердің мамандары жергілікті жерлерде жағдайды тексеруге кірісті.

Жергілікті биліктің мәліметіне сүйенсек, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат әзірге түспеген.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оқиғаға байланысты алаңдаушылық білдіріп, жер сілкінісінен хабардар екенін және билік орындары жағдайды жіті бақылап отырғанын жеткізді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар