жұма, 25 сәуір, 2025 0:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Ешқандай саяси астары жоқ": Қожаназаров Берденовке қатысты мәселеге пікір білдірді

"Ешқандай саяси астары жоқ": Қожаназаров Берденовке қатысты мәселеге пікір білдірді
фото Мәжіліс
"Мұндай азаматтар сирек кездеседі".

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Шымкент әкімінің орынбасары, әріптесі Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылға қатысты пікір білдіріп, оның қазіргі жағдайы туралы ақпаратты бөлісті. Депутаттың айтуынша, Берденов ауыр жарақат алғанымен, өміріне қауіп жоқ, бірақ толық оңалуына уақыт қажет.

Жақсы деп айтуға ерте. Үш рет оқ атылғанын өздеріңіз білесіздер. Ондай шабуылдан тірі қалу өте қиын. Оңалту біраз уақыт алады. Өзім де қатты уайымдадым, – деді Қожаназаров.

Ол шабуылдың себептеріне байланысты айтылып жатқан нұсқаларға сенбейтінін, бұл жағдайдың тұрмыстық сипаттағы қылмыс деп есептейтінін жеткізді.

Меніңше, ешқандай саяси астары жоқ. Бұл жеке бас мәселесі. Қазіргі таңда Руслан әлі де нақты түсініктеме бере алмайды, – деді депутат.

Айдарбек Қожаназаров Руслан Берденовтің рухы мықты, қайсар азамат екенін атап өтті. Ол ауыр жарақаттан енді ғана айығып жатса да, қайта жұмысқа шығу туралы ойлап отырғанын мысал етті.

Кеше ғана ауруханада жатқан Руслан Берденов "жұмысқа бару керек" деп айтып отырды. Бұл – оның қаншалықты ерік-жігері мықты адам екенін көрсетеді. Мұндай азаматтар сирек кездеседі, – деді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар