бейсенбі, 24 сәуір, 2025 23:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Руслан Берденовті не үшін атқаны туралы ақпарат айтылды

Руслан Берденовті не үшін атқаны туралы ақпарат айтылды
фото Шымкент қаласы әкімдігі
Күдіктінің келіншегіне тиіскені туралы ақпарат – жалған

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті кеше кешкі уақытта атып кеткені белгілі. Ол қазір ауруханада жатыр. Шымкент қаласы полиция департаментіне осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарауда. Оның күдіктінің келіншегіне тиіскені де айтылып жатыр. Бірақ полиция бұл ақпаратты растамады.

"Қазір әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында әкім орынбасарына жасалған шабуылдың себебі ретінде оның күдіктінің жұбайына тиіскені туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қылмыс жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар