сәрсенбі, 16 сәуір, 2025 15:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Баспана бағасы тағы өседі

Баспана бағасы тағы өседі
Ulysmedia.kz коллажы
Жыл соңына дейін жылжымайтын мүлік ай сайын 0,5–1% аралығында қымбаттайды

Бастапқы тұрғын үй бағасы ҚҚС (қосымша құн салығы) салдарынан күрт өседі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

КТК мәліметінше, Қазақстанда тұрғын үй салу барған сайын қымбаттап бара жатыр. Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеу нәтижесінде, жыл басынан бері жұмысшылардың қызмет ақысы қымбаттағаны анықталды. Сонымен қатар, құрылыс материалдарының бағасы да өскен.

Мамандардың болжамы бойынша, жыл соңына дейін жылжымайтын мүлік ай сайын 0,5–1% аралығында қымбаттайды.

Ал келесі жылдан бастап жаңа тұрғын үйлердегі шаршы метрдің бағасы бұдан да жоғары болуы мүмкін. Егер салық кодексіне өзгерістер енгізілсе, тұрғын үйдің бағасына ҚҚС-тың да әсері болады.

- ҚҚС-қа байланысты бағаның өсуі болады. Өкінішке қарай, тұрғын үйге 100% ҚҚС енгізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, құрылысын 2025 жылдың 2 қаңтарында бастаған құрылыс компаниялары да ҚҚС төлеуге мәжбүр болуы мүмкін. Бұл дегеніміз – жаңа кодекс қабылданғаннан кейін олар қосымша 12% салық төлеуге тиіс болады. Осы факторлар негізінде тұрғын үй бағасының өсуі сөзсіз, дейді Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар