Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Прокурор тарапынан тағылған айыпты жоққа шығарып, кінәсін мойындамайтынын айтты
Мен өз оқиғамды сот алдындағы тергеуде де, еш жерде де айтуға мүмкіндік болмады. Прокурордың қазіргі оқып отырғанының бәрі негізінен дәлелі жоқ сөздер. Сол себепті Қылмыстық кодекстің 110-бабына қатысты қылмыс жасаған жоқпын. Кінәмді мойындамаймын, - деді Қуандық Бишімбаев елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында.
Сонымен қатар Судья Айжан Құлбаева қылмыстық кодекстің 99-бабы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша сотталушының ойын сұрады.
Бұл бап бойынша да дәл сондай пікірдемін. Адамды аса қатыгездікпен әдейі өлтірген жоқпын, - деді Бишімбаев.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.