жұма, 20 қыркүйек, 2024 15:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Арақсыз ауыл: соңғы жылдары мүлде қылмыс болмаған

Арақсыз ауыл: соңғы жылдары мүлде қылмыс болмаған
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі
СҚО-дағы арақ-шараптан бас тартқан ауылда соңғы 6 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Қарағай ауылы спирттік ішімдіктен бас тартқан елді мекендердің қатарында. Нәтижесінде мұнда ұрлық, түрлі жанжалдар сап тыйылған.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бұлақ ауылдық округінің құрамындағы Қарағай ауылы 10 жылдан бері арақ-шарап атаулыны мүлдем ұмытқан. Учаскелік полиция инспекторы Қанат Жанғариннің бұл округте тәртіпті қадағалап жүргеніне 6 жылға жуық.

«Ауыл шағын 27 үй бар, халық саны – 88 адам. Мен қызмет атқарып жүрген уақыттан бері бұл елді мекенде бірде-бір қылмыс тіркелмеді. Отбасы-тұрмыстық салада, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар мүлдем жоқ. Ауыл тұрғындары мал өсірумен айналысады. Сондықтан малды бос, қараусыз жіберу мәселесі болды. Ауыл тұрғындарының жиналысында оны шештік. Соңғы үш жылда мұндай бір де бір дерек тіркелмеді», - дейді Қанат Жанғарин.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар