сейсенбі, 15 сәуір, 2025 21:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сарыағаштағы мұғалім сүйреген бала: білім басқармасы пікір білдірді

Сарыағаштағы мұғалім сүйреген бала: білім басқармасы пікір білдірді
фото: скрин
Бұл оқиға наурыз айында болған.

Әлеуметтік желіде «Әділ кәсіподақ» ұйымы Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жантүршігерлік сәттің видеосын жариялаған болатын. Осыған орай Qaz365.kz редакциясы Түркістан облысының білім басқармасына сауал жолдап, түсініктеме беруін сұраған екен.  Ал оқиғаның өзі наурыз айында болған екен.

“Түркістан облысының білім басқармасы бейнематериалда көрсетілген жағдайды назарға алып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға жекеменшік коррекциялық орталықта орын алған. Бейнематериалдағы ер адам – мұғалім емес, арт-терапевт маманы. Ол орталық тарапынан жұмыстан босатылды. Бүгінде балаға қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Қазір баланың жағдайы жақсы, тұрақты сабаққа қатысып жүр деп хабарлаймыз”, – делінген Облыстық білім басқармасының түсініктемесінде.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар