сәрсенбі, 16 сәуір, 2025 8:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тәжікстанда тағы да жер сілкінді

Тәжікстанда тағы да жер сілкінді
Фото: malim.kz
14 сәуірге қараған түні Тәжікстанда магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді.

Тәжікстанның шығысында жер сілкінісінен үш жасар бала қаза тапты, 30 үй мен бір мектеп қирады.

13 сәуірде Тәжікстанның шығысындағы Рашт ауданында болған жер сілкіністері салдарынан үш жасар бала қаза тауып, 30-ға жуық үй мен бір мектеп қирады.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің Дағдарыс жағдайларын басқару орталығының мәліметінше, жер сілкінісі кезінде баланы үйдің қабырғасы басып қалған.

Жексенбіде  шығыс Тәжікстанда үш рет жер сілкінісі тіркелген. Тәжік сейсмологтарының мәліметі бойынша, алғашқы жер сілкінісі 09:24-те (жергілікті уақытпен) магнитудасы 5 балл, екіншісі 12:14-те – 4 балл, үшіншісі 13:33-те – 3 балл болған.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметі бойынша, зілзалалардың магнитудасы тиісінше 5.9, 4.2 және 4.7 болған.

Барлық сілкініс ел астанасы Душанбеден 158-163 шақырым қашықтықта орналасқан Рашт ауданы аумағында тіркелді. Қазір апат аймағында Төтенше жағдайлар комитетінің комиссиясы шығын көлемін бағалап жатыр.

Айта кетейік, бұл жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігіндегі Астана, Тараз, Кентау, Түркістан қалаларында және тағы 20-дан астам елді мекенде, сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстанда да сезілген.


 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар