
Алматыда екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 7,2%-ға өскен. Бұл туралы "Бірінші несие бюросы" мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Алматыдағы жаңа пәтерлердің бағасы бір айда 1,9%-ға қымбаттады. Бұл – 2023 жылдың қыркүйегінен бері алғаш рет осындай жоғары өсім тіркелгенін көрсетеді. Әрине, бұл көрсеткіш екінші нарыққа қарағанда төмен, бірақ бастапқы тұрғын үй нарығы үшін айтарлықтай маңызды өзгеріс.
Наурыз айында Алматыда тұрғын үйді жалға алу құны ақпан айымен салыстырғанда 0,9%-ға төмендеді. Бұл айтарлықтай өзгеріс болмаса да, жалға алу бағасының аз да болса төмендегені назар аудартады.
Ал Астанада жалға алу бағасы Алматыға қарағанда айтарлықтай төмендеген: бір айда 2,6%-ға арзандаған. Бұл – 2023 жылдың сәуірінен бергі ең жоғары төмендеу көрсеткіші. Соған қарамастан, соңғы айларда елордадағы жалға алу құны айтарлықтай өскен болатын. Сондықтан 2024 жылдың наурыз айында жылдық өсім көрсеткіші 25,4%-ға жеткен.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.