жұма, 18 сәуір, 2025 4:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

АШМ-ға қарасты департаментте қызмет еткен экс-шенеунік жемқорлық бойынша күдікке ілінді

АШМ-ға қарасты департаментте қызмет еткен экс-шенеунік жемқорлық бойынша күдікке ілінді
Фото: assembly.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты департамент директорының бұрынғы орынбасары жемқорлық бойынша күдікке ілінді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартуға күдікті, ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған", - делінген Антикор Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар