
Жалпы білім беретін мектептерде бұған дейін «Еңбекке баулу» мен «Бейнелеу өнері» біріктіріліп, «Көркем еңбек» ретінде оқытылып келді. Бұл көп жағдайда педагогтердің наразылығын туғызып, бағдарламаны қайта қарауды талап етті. Осылайша, 2023 оқу жылынан бастап «Бейнелеу өнері» жеке пән ретінде мектеп бағдарламасына қайта енгізілді. Соған орай «Алматыкітап баспасы» 3 және 4-сыныптарға арналған жаңа «Бейнелеу өнері» оқулығын әзірлеп, оны өңірлік ұстаздарға ұсынды.
Қазақстандық оқушылардың көркемдік-эстетикалық тәрбиесінде ерекше орын алатын пәндердің бірі — «Бейнелеу өнері». Бұл пән баланың шығармашылық қабілетін дамытып, ұлттық және әлемдік көркем мәдениетпен таныстырады. Әсіресе, 3 және 4-сыныптарға арналған «Бейнелеу өнері» оқулықтары осы қасиеттерді бала бойында қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Оқулықтар балалардың көркемдік қабілеттерін дамытуға, бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен тәсілдерін меңгеруге бағытталған. Оқу-тәрбиелік міндеттерді шешу үшін құрылған оқыту мақсаттарының жүйесі 8 ортақ тақырып пен 34 ұзақ мерзімді жоспарлау бөлімінен тұрады. Мысалы, 4-сыныптағы «Бейнелеу өнері» пәнінің мазмұндық желісі оқыту мақсаттарының төрт негізгі бөліміне бағынады:
1-бөлім – «Бейнелеу сауаттылық негіздері». Шығармашылық идеяларды тәжірибеде іске асыруға арналған құралдармен қамтылған.
2-бөлім – «Бейнелеу өнері әлемі». Бөлім оқу материалының мазмұнын ашады.
3-бөлім – «Бізді қоршаған әлем». Бұл бөлімдегі тапсырмалар рухани-адамгершілік және эмоционалды-құндылық бағдарды қалыптастыруға бағытталған.
4-бөлім – «Шығармашылық». Шығармашылық қызметтің түрлері мен шарттары ашылып, практикалық түрде жүзеге асыруға дағдыландырады.
Оқулықта сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін кешенді дамытуға арналған тапсырмалар ұтымды берілген. Әсіресе, әрбір сабақта жазу әрекетіне арналған тапсырмалар білімді бекітуге және шығармашылықты дамытуға бағытталған.
Мазмұндағы сұрақтар мен тапсырмалар оқушының сыни, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған. Шығармашылық тапсырмалар өз кезегінде баланың қиялы мен ой-өрісін дамытуға ықпал етеді. Сабақтардың мазмұны пәннің әдістемелік қызметін толық атқара алады. Яғни, әрбір сабақтың құрылымы, мазмұны және тапсырмалар реті мұғалімге әдістемелік көмек ретінде ұсынылған.
Сонымен қатар әдістемелік нұсқаулықтағы бейнелеу өнері материалдары 4-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен психологиялық-физиологиялық даму деңгейіне сай жасалған. Нұсқаулықта күнтізбелік-тақырыптық (ұзақ мерзімді) және қысқа мерзімді сабақ жоспарлары қамтылған. Бұл оқу-әдістемелік құрал мұғалімге сабақ мақсаттарын дұрыс белгілеуге көмектеседі.
«Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың мақсаты – көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру, білім алушыларды Қазақстан мен әлемнің рухани және материалдық мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде бейнелеу өнері әлеміне тарту, олардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеттері:
• адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
• Қазақстан халқы мен өзге елдердің мәдениетін құрметтеу;
• қоршаған ортаға деген көзқарасын шығармашылық арқылы білдіру;
• бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен таныстыру (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет; пейзаж, портрет, натюрморт, анималистік жанр т.б.);
• кеңістіктік қабылдауды қалыптастыру;
• графикалық және түстану дағдыларын дамыту;
• ұсақ моторика, логикалық ойлау, дербес ойлау мен идеяларды іске асыру қабілетін дамыту;
• түрлі материалдармен жұмыс істеудің көркемдік дағдылары мен бейнелеу техникаларын меңгеру;
• шынайы өмірде көркем мәдениеттің көріністерін тану қабілетін арттыру (мұражайлар, сәулет, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер арқылы);
• сезімдік-эмоционалдық интеллектті, зейінді, есте сақтау мен қиялды дамыту;
• дербестік, мақсаттылық, дәлдік және еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Оқулықтардың ерекшеліктері:
• Мазмұндық байлық: Қазақ және әлем суретшілерінің еңбектері, ұлттық ою-өрнек, сәндік-қолданбалы өнер үлгілері қамтылған.
• Қолданбалы бағыт: Теория мен практиканың үйлесімі сақталған. Оқушылар өз бетінше сурет салып, көркем жұмыс жасауға ынталандырылады.
• Жас ерекшелігіне сай құрылым: Тапсырмалар балалардың жасына сәйкес, жеңілден күрделіге қарай беріледі.
• Цифрлық қолдау: Оқулықтар TopIQ.kz веб-платформасында да қолжетімді. Мұғалімдер мен оқушылар мультимедиялық ресурстарды пайдалана отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыра алады.
Сондай-ақ оқулықтармен қатар әдістемелік нұсқаулықтар мен жұмыс дәптерлері де әзірленген. Бұл кешен мұғалімдерге сабақты жоспарлауда және тиімді әдістерді таңдауда үлкен көмек бола алады.
«Алматыкітап баспасының» «Бейнелеу өнері» пәніне арналған оқулықтары – баланың шығармашылығын ашуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға арналған маңызды құрал. Ал басты мақтанышы – TopIQ.kz білім беру платформасындағы QAMQOR интеллектуалды көмекшісі. Ол мұғалімдер мен оқушылардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған. «Бейнелеу өнері» оқулықтарының барлығы осы платформаға енгізілген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
7 жасар қыздың аяғы жылу батареясына қысылып қалған
Ұқсас жаңалықтар
Қазақ тарихының сан ғасырлық тарихи мұрасы туралы кітап жарық көрді
- авторОймақ
- 3 сәуір, 2025