Қызылорда қаласында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 3 жастағы ұл бала төртінші қабаттан құлап кетті.
Оқиға облыс орталығындағы "Арай-3" шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан 2021 жылғы ұл бала құлап кеткен.
"Сәби алған жарақатына байланысты ауруханаға жатызылды. Балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Оның соңы қайғылы жағдайға душар етуі ықтимал", - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.