«Қаламызға жаңа қаһарман керек!»: қараңғы көшелерден қорықпай өтуге болады
- авторОймақ
- 27 наурыз, 2024
- 1.0k
Алматының көшелеріндегі қараңғылық тұрғындарды алаңдатып жатқанына бірнеше жыл болды. Статистикаға сүйенсек, қылмыстық жайттардың дені түн мезгілінде көбірек жасалатыны белгілі. Сексуалды зорлық, тонау, төбелес пен кісі өлімі де қас қарайған уақытта жиі болады. Ал ондай көшелер Алматыда жетерлік. Неліктен Қазақстанның ең ірі мегаполистерінің бірі XXI ғасырда орта дәуірдегідей өмір сүруге мәжбүр.
«Жаңа адамдар» қозғалысының «Город» азаматтық кампаниясының белсенділері түн мезгіліндегі алматылықтардың қауіпсіздігі үшін бұл мәселені шешудің ерекше жолын ұсынды. Жарықтандырылмаған қала көшелерінде жаңа Lightmen атты қаһарман пайда болды. Оның мақсаты – көше шамдары орнатылмаған қараңғы аймақтардағы тұрғындардың қауіпсіздігі мен діттеген жерлеріне аман-есен жетуі үшін жолдарын нұрландыру. Ерекше жарық сауытының арқасында ол тұрғындарды Алматының қауіпті аудандарынан алып өтеді.
Қуаныш Рымжанов,
«Город» азаматтық науқаның басшысы:
«Шын мәнінде, Litghtmen – бұл жәй әзіл үшін пайда болған кейіпкер емес. Адамдардың XXI ғасырда қала көшелерінде қолдарына жарық шам ұстап жүруі – бұл масқара жағдай. Қаһарманның болуы – бұл қалада бәрі дұрыс деген сөз емес және көшелерді жарықтандыруға құзіретті тұлғалардың өз жұмысын тиісті атқара алмағанының көрінісі. Бәлкім олар бұл мәселеге мән бермейтін де шығар. Кейбір көшелерге жарықтандыруды ұмытқан да болар, бәлкім! Ендеше, оларға көмектесейік. Жарықтандырылмаған көшелер мен қауіпті аймақтарды бейне жазба мен суретке түсіріп, #НуженЛайтмен хэштегімен өз әлеуметтік парақшаларыңызға салсаңыз. Баршамыз өз қаламызға жауапкершілік танытып, көңіл бөлуіміз керек. Қаламыздың қауіпсіз, жарық, ыңғайлы әрі қолайлы болуы өзімізге байланысты.
Видеоға ссілтеме: https://drive.google.com/file/d/1UjgWdtiogDiCX2GJ1xmMaGaXOxCbfuWb/view?usp=sharing
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.