Ақтөбе облысында жүк пойызы вагондары рельстен шығып кетті.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі оқиғаның бүгін таңертең болғанын хабарлады.
"27 наурыз күні сағат 09:28-де Шалқар-Жем учаскесінің Қауылжыр стансасында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Рельстен шығып кеткен жерге қалпына келтіру пойыздары шұғыл жөнелтілді. Арнайы комиссия вагондардың рельстен шығу себептерін тексеріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.