Батыс елдерді Украина қарулы күштеріне қажет снарядтарды жеткізіп беруді кешіктірген сайын ұрыс даласындағы украиналық әскердің жағдайы қиындай түсуде. Снаряд тапшылығы анық байқалады. Сондықтан ресми Киев снаряд өндірісін жолға қоюға тырысып жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда украиналықтар 122 және 152 мм-лік снарядтарды біршама мөлшерде өндіре бастаған. Сонымен қатар минметтерге арналған миналарды да өндіруде. Атап айтқанда 120, 82 және 60 мм-лік миналарды өндіріп жатыр. Бірақ 155 мм-лік снаряд өндіру қиынға соғып тұрса керек. Өйткені NATO стандартына кіретін 155 мм-лік снаряд өндіру машығы Украинада жоқ. Бұл елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары КСРО-дан қалған. Ал КСРО да 152 мм-лік снарядтар өндірілетін еді. Биыл Украина қару-жарақ өндірісі үшін 1,4 млрд доллар бөліпті.
Ал Чехия президенті Петр Павел айтқан 800 мың дана снаряд Украинаға жеткізілді ме, жоқ па, белгісіз. Кейбір деректерге қарағанда Чехия президентінің ұсынысын 20 мемлекет қолдаған. Бұл елдер осынау снарядтарды сатып алып, Украинаға беруі керек. Әзірге мәселенің қалай өрбіп жатқаны белгісіз.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Киіз үй алдындағы балалар
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024