сенбі, 29 наурыз, 2025 2:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әлем кубогында қазақстандық пара дзюдошылар 3 медаль алды

Әлем кубогында қазақстандық пара дзюдошылар 3 медаль алды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Әлем кубогында қазақстандық пара дзюдошылар 3 медаль алды

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.
 
Грузия астанасы Тбилисиде 24-25 наурыз аралығында көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара дзюдодан әлем кубогы сарапқа салынды. Дүбірлі додада 19 елден 120-дан астам татами шеберлері бақ сынасты. 

Жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан Ақмарал Науатбек (J2 48 келі) пен Альфия Тлекқабыл (J1 52 келі) жеңімпаз атанды. Ал Ғалымжан Смағұлұлы (J2 81 кг) күміс медальға ие болды. 

25 наурызда Ерлан Өтепов (J1+95 келі), Талғат Ажғалиев(J2+95 келі), Бағланбек Оңалбек (J1+95 келі) пен Абылай Әділбеков (J1 95 келіден жоғары) сынға түседі.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар