Арғын Нығматулиннің тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан шығып кеткенін айтты
- авторОймақ
- 20 наурыз, 2025
- 45

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Арғын Нығматулиннің тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан шығып кеткенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
"Антикор Нығматулинге қатысты тергеу жүргізіп жатқан жоқ. Басқа мемлекеттік орган тергеп жатыр, пікір бере алмаймыз. Біз тек осы іс бойынша іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз", – деді Құрақбаев.
Сенат кулуарында журналистер Антикор басшысының орынбасарынан Арғын Нығматулиннің қайда екенін анықтау мүмкін болды ма деп сұрады.
"Оның Қазақстанда жоқ екенін білеміз: тергеу басталғанға дейін кетіп қалған. Ол Қазақстанда емес. Қазіргі уақытта оны іздеу және қайтару бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Іздеу барлық елде жүргізіледі – ол мемлекетаралық іздеуге жарияланды", – деп түйіндеді Дархан Құрақбаев.
Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура Арғын Нығматулин мен басқа да тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Сот Нығматулинге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялап, оны іздеуге жариялады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының өтетін күні белгілі болды
- авторОймақ
- 20 наурыз, 2025