бейсенбі, 20 наурыз, 2025 20:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қаржаубай Нұрымов адвокаттардан неге бас тартқанын айтты

Қаржаубай Нұрымов адвокаттардан неге бас тартқанын айтты
Qaz365.kz
"Кіммен жұмыс істейтінім өз қалауым ғой".

Қаржаубай Нұрымов Qaz365.kz тілшісіне жауап беріп, неге адвокаттардан бас тартқанын айтты.

Талғарда бір топ жігіттің қолынан мерт болған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Айтбек Амангелді ұсынған адвокаттардан неге бас тартқаны турасында қысқаша түсініктеме берді.

«Өз қалауым ғой кіммен жұмыс жасайтыным. Әйтіммен жұмыс істегім келмеді. Адвокаттардың (Саида Тәуекелова) еңбегін жоққа шығара алмаймын. Сенімхатты қайтарып аламын. Бұдан артық ешнәрсе айта алмаймын. Бізде бәрі жақсы», - деді Қаржаубай Нұрымов.

Айтбек Амангелдіге Қаржаубай Нұрымов жазып, адвокаттарынан бас тартатынын хабардар еткен. Бұл ақпарат кеше тарады. 

Еске салсақ, жақында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша материалдар алдағы күндері сотқа жіберілетінін айтқан еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар