жұма, 21 наурыз, 2025 7:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қазгидромет": ауа райы болжамы

"Қазгидромет": ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
«Қазгидромет» синоптиктері Наурызда Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 2°С жоғары болады деп болжайды

«Қазгидромет» синоптиктері Наурызда Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 2°С жоғары болады деп болжайды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде  нормадан көп, еліміздің оңтүстік-батыс, оңтүстік бөлігінде қалыпты шамада болады деп болжанады.

Наурыз айында ауа райы өте құбылмалы, аязды күндер жылы күндермен алмасады, солтүстік аймақтарда нағыз қысқы бұрқасын әлі де болуы мүмкін. Наурыз айы бойы жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде болжанады, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде.

Наурыз айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, республиканың басым бөлігінде түнде -12-20°С-тан, еліміздің орталығында, шығысында -15-26°С-тан -5+1°С-қа дейін, күндіз -3-11°С-тан -3+5°С-қа дейін.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасының түнде -2-10°С-тан 0,+8°С-қа дейін, күндіз -2+8°С-тан +10+15°С-қа, Түркістан облысында +15+20°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Онкүндіктің соңында Қазақстанның барлық аумағында температуралық фонның төмендеуі болжанады:

- солтүстік жартысында түнде -3-8°С дейін, күндіз 0,-5°С дейін;

- оңтүстік жартысында түнде -5+2°С дейін, күндіз +3+10°С дейін.

Екінші онкүндікте ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

солтүстік жартысында түнде -10-15°С-тан -5+3°С-қа дейін, күндіз -2-13°С-тан +2+10°С-қа дейін;

оңтүстік жартысында түнде -5+5°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +3+8°С-тан +10+20°С-қа дейін.

Наурыздың үшінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының түнде -5+5°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан +10+20°С-қа дейін ауытқуы болжанады; еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде -5-15°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +3+10°С-қа дейін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар