Ақтөбе облысындағы Ембі арқылы өтетін көпір су тасқынына байланысты жабылды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:13
- 34

“Ақтөбе облысында айналма жолда су тасқыны тіркелді. 2025 жылғы 18 наурыз таңғы 07:00 шамасында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді. Тасқынның ұзындығы 100 метрді, ал биіктігі 50 см құрады. Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр” , – делінген ҚазАвтоЖол хабароламасында.
Қазір су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.