
Бір айдан астам уақытқа созылатын ауқымды фестиваль Абай облысының тұрғындарын көктемгі мерекелердің шаттық көңіл-күйімен біріктіреді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
14 наурыздан бастап Абай облысында Наурыз мейрамына арналған ірі мәдени жоба – «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!» фестивалі бастау алды. Фестиваль дәстүрді, өнерді, халық шығармашылығын және іскерлік бастамаларды тоғыстырып, бірлік пен ұлттық жаңғырудың ерекше атмосферасын қалыптастырады.
Жобаның сәтті бастамасы – Наурыз мейрамының бастауы саналатын Көрісу күні мерекесімен тұспа-тұс келді. Алдағы бірнеше апта бойы мәдени бағдарлама облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтып, шығармашылық, тәжірибе алмасу және достық қарым-қатынас алаңына айналады.
«Облысымызда мұндай шара алғаш рет өтуде. Басты мақсат – аудандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу», – дейді Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Толқын Берікбекова.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.