сенбі, 15 наурыз, 2025 1:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оқушылар бір мезгілде күй тартып, мерекелік челлендж ұйымдастырады

Оқушылар бір мезгілде күй тартып, мерекелік челлендж ұйымдастырады
Сурет: Chursinov Artem
Наурыз мейрамын мерекелеу 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі он күндік “Наурызнама” өтеді.

Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартып, мерекелік челлендж ұйымдастырады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов мәлімдеді.

20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай барлық мектептерде республикалық челленджі өтеді.

«20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай барлық мектептерде республикалық челленджі өтеді. Домбырашылар челленджі – бұл балалар, жастар, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық шеберлігін танытатын және бүкіл елді домбыра үнімен біріктіретін ерекше шара. Оған барлық тілек білдіруші қатыса алады. 2023 жылдан бастап челлендж барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып келеді және ол маңызды мәдени оқиғаға айналды. Челлендж «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады», - дейді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.

Наурыз мейрамын мерекелеу 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі он күндік “Наурызнама” өтеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар