дүйсенбі, 10 наурыз, 2025 14:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абиба Әбужақынова әлемдік Гран-при жарысында топ жарды

Абиба Әбужақынова әлемдік Гран-при жарысында топ жарды
Дзюдо федерациясы
Бұл - Абиба Әбужақынованың жаңа маусымдағы алғашқы жарысы және алғашқы алтыны.

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Аустрияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при жарысында топ жарды.

Жарыс финалында ол жапониялық Сачио Ёшиномен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жартылай финалға дейін Мизуки Хараданы (Жапония), ширек финалда Спрингер Жаклинді (Австрия), ал жартылай финалда Амбер Херсьесті (Нидерланды) ұтқан болатын. 

Бұл - Абиба Әбужақынованың жаңа маусымдағы алғашқы жарысы және алғашқы алтыны. 

Айта кетерлігі, бүгін Аустрияда дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі басталды. Аталған жарыста әлемнің 52 елінен барлығы 416 татами шебері қатысып жатыр

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар