
АҚШ Украинаға беріліп жатқан әскери көмекті тоқтатты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Bloomberg ақпараттық агенттігі мәлімдеді.
АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі шенеуніктің айтуынша, Трамп қорғаныс министрі Пит Хегсетке барлық америкалық әскери техниканы жеткізуді тоқтатуды тапсырған.Бұл шешім Трамп Киев "бейбітшілікке бейіл екенін көрсетті" деп шешкенге дейін күшінде болады.
Дональд Трамп ресми Киев тиісті шешім қабылдамайынша, үзіліс жасауды ұйғарған.
Шектеу әуе, жер, теңіз арқылы тасымалданатын жүктердің бәріне қатысты. Украинаға жөнелтілуге дайын тұрған жүктер де кері қайтарылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
ХАМАС атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңінде қалған тұтқындарды босатады
- авторОймақ
- 3 наурыз, 2025