бейсенбі, 21 қараша, 2024 20:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Клебановтың компаниялары 20 мың адамды жоқ суға  төлеуге мәжбүрлеген

Клебановтың компаниялары 20 мың адамды жоқ суға  төлеуге мәжбүрлеген
фото: ашық дереккөз
Клебановтың компаниялары 20 мың адамды жоқ суға  төлеуге мәжбүрлеген


Павлодар облысы прокуратурасы олигарх Александр Клебановтың бақылауындағы компанияларға қала тұрғындарының жазда ыстық суға төлеген ақшасын Павлодар мен Екібастұз тұрғындарына қайтару қажет деп санайды. 
Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, монополист коммуналдық кәсіпорындар – «Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС жаздың өзінде ыстық су үшін қала тұрғындарынан төлемақы алып отырған. Тіпті, Павлодар мен Екібастұз тұрғындары аптап ыстықта бұл ресурсты пайдаланбағаны белгілі болды.

Қадағалаушы мекеменің араласуының арқасында 20 мыңнан астам азаматтың коммуналдық төлемдері қайта есептелді. Қайта есеп наурыз айындағы түбіртектерде көрсетіледі. «Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл компанияларды Клебанов ОАЭК ("Орта-Азиялық электр энергетикалық корпорациясы") АҚ арқылы бақылау жүргізеді. 

Наурыздың басында Александр Клебанов бақылайтын «Севказэнерго» АҚ Солтүстік Қазақстан облысында тарифтерді мерзімінен бұрын көтеру мәселесі бойынша соттан жеңіліп қалғаны хабарланған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар