Шымкенттік полицей Азамат Айымбетов тергеу барысында қамауға алынды.
«Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті Айымбетов Азамат Ибрайымұлына қатысты екі ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлады Шымкент қалалық соты сейсенбі күні.
Естеріңізде болса, 21 наурыз күні Айымбетовтің Шымкентте бопсалау және пара алды деген күдікпен ұсталғаны БАҚ-та жарияланған еді.
2022 жылы Айымбетовтің есімі бастығы Мұхтар Бұхарбаевқа қымбат заттар, авиабилет, жиһаз, шырша және т.б. сатып алуға мәжбүрлегені үшін арыз жазғаны үшін белгілі болған.
«Мен ішкі істер органдарында 10 жылға жуық жұмыс істеп келемін, ешқашан атыма кір келтірген емеспін», - деген еді Айымбетов сонда.
Айымбетовтың адвокаты оны "ең адал полицей" деп санайды. Ол тіпті антикоррупциялық қызметтің арнайы марапатына ие болған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.