сейсенбі, 11 наурыз, 2025 5:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Семейдегі соққыға жығылған оқушының жағдайы қандай: дәрігерлер айтып берді

Семейдегі соққыға жығылған оқушының жағдайы қандай: дәрігерлер айтып берді
Фото: Абай облысының білім басқармасы
Бас-ми жарақатын алған.

Семейде дәрігерлер соққыға жығылған 6 сынып оқушысының қазіргі жағдайын айтып берді.

2013 жылы туған баланың жабық бас-ми жарақаты, басында және аяқтарында көптеген гематомалар анықталды. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Оны тексеріп, өміріне қауіп жоқ екенін анықтады. Пациент педиатр, травматолог және невропатологтың бақылауында. 

Баланың жағдайы оның психоэмоционалдық жағдайы мен диагнозына байланысты салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Бала қажетті диагностикалық тексерулерден өтті. Сараптама қорытындысы бойынша өмірге қауіп төндіретін себептер жоқ, - деп хабарлады басқарма.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылғаны хабарланған. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар