сенбі, 22 ақпан, 2025 20:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Табысын жасырып, салықтан жалтарған блогер көп

Табысын жасырып, салықтан жалтарған блогер көп
Мемлекеттік кірістер комитеті
600-ге жуық блогерге 30 күн уақыт берілді.

Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер табысын жасырып, салықтан жалтарып жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.  сайтына сілтеме жасап.   

"Бақылау шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаларға 53,3 миллиард теңгеге сәйкессіздіктер белгіленді, - делінген ақпаратта.

Соның нәтижесінде биылғы жылдың 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілген.

"Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігін тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды, – делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар, салықшылар табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударады. Көрсетілген міндеттемелер Конституция мен Салық кодексінде белгіленгенін ескертеді.

Бұған дейін блогер  Әлішер Елікбаев салық органдарынан хат келгенін, онда өте көп сома жазылғанын айтқан еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар