сенбі, 22 ақпан, 2025 11:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шахтада қаза тапқан қызметкерлердің тізімі жарияланды

Шахтада қаза тапқан қызметкерлердің тізімі жарияланды
Фото:Wikimedia
Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде болған төтенше жағдай салдарынан жеті қызметкер үйіндінің астында қалған еді.

Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде болған төтенше жағдай салдарынан жеті қызметкер үйіндінің астында қалған еді. Жоғалған кеншілердің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Ұлытау облысы ТЖД «Жомарт» кенішінде тау жынысы опырылған шахтада қаза тапқан қызметкерлердің тізімін жариялады. 

1. О.Ж.Нұрылдаев - энергетик

2. А.Б. Жақыбаев – тау-кен шебері

3. О.А. Кенжебеков - тиеу-жеткізу техникасының машинисі

4. К.А. Ақшалов – сорғы қондырғысының машинисі

5. Г.Е. Молдабеков - сорғы қондырғысының машинисі

6. Б.Н. Жұмадуллаев - сорғы қондырғысының машинисі

7. К.В.Рожков - электрослесарь

Апат болған кенішке облыс орталығынан жедел жәрдем бригадалары келді. 

Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Жаңаарқа ауданына 3 жедел жәрдем көлігі жіберілген. Облыстық көпсалалы ауруханадан бір бригада, Жезқазған медициналық орталығынан екі жедел жәрдем көлігі келді. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар