
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-на тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің мәйіті табылды. Қазір оның жеке басы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жэсап.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған жеті жұмысшының мәйіті жер үстіне шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түскен.
Еске сала кетейік, 17 ақпанда «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» шахтасында 640 метр тереңдікте тау жынысы опырылып, 7 жұмысшы үйінді астында қалды.
Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды.
Бұған дейін апаттан кейін алты жұмысшының денесі табылып, жетінші адам іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.
«Қазақмыс» корпорациясы апаттың алдын ала себебін айтып, қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек берілетіні жөнінде мәлімдеме жасады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.