
Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін тәрбиеші 4 жасар баланы тұншықтарып, ұрып-соққан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ата-ананың бірі 4 жасар баласының тәрбиешіден зорлық-зомбылық көргенін айтып шағымданған. Ол бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, тәрбиеші баласын тұншықтырғанын көрсететін жазбаларды тапқан. Оқиға болған кезде бөлмеде тағы екі қызметкер болды. Алайда олар әріптесінің әрекетіне араласпаған.
Ата-аналар Бостандық аудандық полициясына арыз жазды.
"Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық тергеуді бастады", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықталып жатқанын жеткізді. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатын болады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.