жексенбі, 23 ақпан, 2025 20:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада футбол алаңында жігітті қақпа басып қалып, көз жұмды

Астанада футбол алаңында жігітті қақпа басып қалып, көз жұмды
Фото: видеодан скрин
Астанада футбол алаңында 25 жастағы жігітті қақпа басып қалып, ол қайтыс болды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Мәліметтерге сенсек, қайғылы жағдай "Достық Арена" спорт алаңында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода жігіттің қақпаға асылып тұрғаны, кейін "көтерілу-айналып түсу" жаттығуын жасауға тырысқаны көрінеді. Сол сәтте темір қақпа құлап, оны басып қалған.

"Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл – қайғылы жағдай. Ойын барысында ол қақпа маңында болып, қолымен көлденең тіреуішке асылған. Салдарынан құрылым құлап, жігіттің үстіне түскен. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар